Байланыс

  • Телефон 8-72771-5-05-80
  • [email protected]
  • Алматы облысы, Қарасай ауданы, Үшқоңыр ауылы, Әділбеков көш. №1

Табиғи ресурстарды қорғау және ұтымды пайдалану

Мамандығы:  05220200  - «Табиғи ресурстарды қорғау және ұтымды пайдалану» (салалар бойынша)

Біліктілігі – 4S05220203 – «техник-технолог»

Оқу мерзімі – 2 жыл 10 ай

Оқыту түрі - күндізгі

Білім беру бағдарламасының мақсаты: Қоршаған табиғи ортаны қорғауға және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты кәсіби-технологиялық қызметті жүзеге асыратын мамандарды даярлау.

XXI ғ. қажетті мамандық — эколог мамандығы. XX ғасырдың екінші жартысындағы қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасы негізінде біздің елімізде күрделі табиғат жағдайы қалыптасты. Материалдық өндірістер көбейді, барған сайын шикізатқа сұраныстың өсуінің нәтижесінде жерасты мен үсті қазба байлықтары жеделдетіп игерілді. Ғылыми-техникалық прогрестің нәтижесінде жасалынған табиғатқа әсер, экожүйенің өзгеруі, дауылдар, су тасқындары, жер сілкіністері сияқты табиғи құбылыстармен тепе-тең жағдайға жетті, тіпті олардан асып түсті десе де болады. Олар табиғаттың келеңсіз әсерін шұғыл күшейтіп, биосферадағы табиғи жағдайдағы энергия мен зат алмасуды бұзды. Адамның табиғатты өзгертуі өте қауіпті жағдайға айналды. Бұл құбылыс дүние жүзі бойынша экологиялық сипат алды.
Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында "Қазақстан бүгін Еуропа мен Азия арасындағы коммуникациялар легінің түйіскен жерінде тұр, біздің міндет-осынау бірегей жағдайымызды өз еліміз бен халықаралық қоғамдастықтың мүддесі үшін табиғатты ұтымды пайдалану" деген еді. Еліміздің алдына Президент қойған осы міндеттің Қазақстандағы экологияның жағдайына тікелей қатысы бар.
XXI ғасырдың экологиялық проблемалары қатыспайтын бірде-бір ғылым саласы жоқ. Сондықтан да экология ғылымы ғылымдардың ғылымы сипатына айналды.

Үшқоңыр су шаруашылығы колледжі Мемлекеттік тапсырыс және келісім шарт бойынша

Эколог – болашақтың маманы

Эколог – адамдардың қоршаған ортаға тигізетін әсерін азайту шараларын бақылайтын және ұйымдастыратын маман.Бүгінгі күні табиғат жағдайын жақсарту және қорғау проблемасы өзекті болып табылады.Зауыттардың жұмысы, тау кен жұмыстары, пайдалы қазбаларды игеру, адамдардың іс әрекеттері – бұның барлығы қоршаған ортаған кері әсерін тигізуде. Болашақта эколог мамандарына сұраныс артып, эколог мамандығы әлемдегі ең қажетті мамандыққа айналады.

Бітіруші түлектердің кәсіби құзыреттері:

·         арнайы және топографиялық карталарды оқу;

·         персоналды компьютерді пайдалану;

·         химиялық анализ әдістерін білу;

·         физико – химиялық талдау жүргізу және талдаудың мәліметтерін өңдеу;

·         қоршаған ортаны бақылауға арналған аспаптар мен құралдардың құрылысы мен жұмыс жасау принципін білу;

   Бітіруші түлектердің жұмысқа орналасуы:

·         метеостанциялар;

·         әкімшіліктердегі экология бөлімдері

·         жануарлар әлемі және орман қорғау мекемелері

·         ұлттық экспертиза орталықтары

·         ғылыми –зерттеу институттары

·         сан.эпид.станциялар;

·          табиғи ландшафттар және ерекше қорғалатын территориялар

·         химиялық және физика –химиялық талдау лабораториялары

 

Табиғат бұл біздің ортақ үйіміз, сондықтан біз табиғатты қорғап сақтауымыз керек!

 

Біздің миссия: «Ел мен өңірдің индустриялық-инновациялық даму міндеттеріне сәйкес келетін кәсіби құзыреттілікке ие бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау».

Студенттер контингенті

 

2014-2015

2015-2016

2016-2017

2017-2018

2018-2019

Барлығы

Күндізгі

90

91

89

89

96

455

Мемлекеттік тілде

-

-

-

25

49

74

Орыс тілінде

90

91

89

64

47

381

 

2018-2019 оқу жылының 1 қаңтарына мамандықтар топтарында 96 адам оқиды, барлығы бюджеттік негізде.

Бітіруге дейінгі жеткізу:

2014-2015 оқу жылы – 19 адам немесе 76%

2015-2016 оқу жылы– 22 адам немесе88%

2016-2017 оқу жылы– 18 адам немесе72%.

2017-2018 оқу жылы– 19 адам немесе76%.

2018-2019 оқу жылы– 21 адам немесе84%.

Сырттай оқу бөлімінде қазіргі уақытта оқыту жүргізілмейді. Оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Экологиялық пәндердің циклдік әдістемелік комиссиясының штатында 5 адам бар, мамандықтарды дайындауды 24 оқытушы жүзеге асырады.

Атқарылған жұмыс нәтижелері бойынша Аккредиттеу Кеңесі Үшқоңыр су шаруашылығы колледжін 5 жыл мерзімге аккредиттеу туралы шешім қабылдады. Колледж үшін аккредитациядан өту білім беру саласында жаңа сатыға көтерілетіндігін білдіреді. Жаңа деңгейде сапалы мамандарды дайындауда педагогикалық ұжым үшін қуатты ынталандыру болып табылады. Сонымен қатар, жұмыс берушілерді білім беру процесіне тартуға үлкен мүмкіндік береді.