Алматы облысы, Қарасай ауданы, Үшқоңыр ауылы, Әділбеков көш. №1
Ұлттық спорт дегенде – ұлттық рух, ұлттық намыс, тарих, мәдениетіміз бен дәстүріміз еске түседі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы
Тоқаевтың тікелей қолдауымен соңғы жылдары елімізде ұлттық спорт түрлері қарқынды дамып келеді.
Әрбір ұлттың әдебиетімен, мәдениетімен, салт-дәстүрімен бірге жасасып келе жатқан құндылықтары бірі — ұлттық спорты.
Бесіктен белі шыққан баласының өзі асық атуға асығатын елдің ұлттық спортқа деген ептілігі ол бастан қанына сіңген.Көне тарих беттеріне көз жіберсеңіз, халқымыздың жігерін жанып,салауатты өмір салтына деген сүйіспеншілігін оятқан спорттық ойындардың көптеген түрлерінің бар екеніне қайран қаларың анық.
Атап айтсақ, ат спортының түрлері, ақыл-ой ойындары, күрес түрлері,күш сынасу сияқты адамға жігер беретін, санасын серпілтетін ұлттық ойындардың қай-қайсысының да руханият төрінен ойып тұрып орын
алатындай қадірі мен қасиеті бар.Жалпы, дәстүрлі спорт түрлері өмір сүру салты, адам өмірі, еңбегі,
ұлттық негіздер, ар-намыс, қадір-қасиет, батылдық, күш-қайрат, ептілік,төзімділік және жылдамдық сияқты қадір-қасиеттерді бейнелейді.
Міне, осы ұлттық спортымызды насихаттауға, жас ұрпақтарымызға дұрыс тәлім тәрбие беру мақсатында 2024 жылылдың 23 қыркүйек күні
Үшқоңыр су шаруашылығы колледжінің 1 курс студенттері арасында өткізілген «Ұлттық ойын-ұлт қазынасы» атты спорттық іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді.Аталған тартысты сайысымыз бірнеше ұлттық спорт түрлерінен өткізіліп, жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.
Жүлделі бірінші орынға ие болған команда
1 СТҚ тобы
Екінші орынға ие болған команда
1 ЗЕМ тобы
Үшінші орынға ие болған команда
1 ПО тобы
#ұлттықспорт #ұлттықойынұлтқазынасы
толық бейнебаянды инстаграм желісінде сілтеме арқылы көре аласыздар - https://www.instagram.com/reel/DAT0iMMCjrO/?utm_source=ig_web_button_share_sheet&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
2024 жылдың 20 қыркүйегінде Атамекен тарихи мәдени орталығында Жастар арасында форум өтті. Форумда Шамалған ауылының әкімі - Джолдаспеков Нұрсұлтан Бейбітұлы,Қарасай ауданының ардагерлер ұйымының төрағасы - Мәсімақынов Сағат Ұлтарақұлы,Қарасай ауданының мәслихат депутаты - Сүнбеков Бекжан Батырбекұлы сөз сөйледі.
Форум барысында атом энергетикасының Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігіне және экономикалық тиімділігіне қосатын үлесі талқыланды.
Студенттер атом электр станцияларының экологиялық тиімділігі және жаңа жұмыс орындарын құрудағы рөлі туралы толық ақпарат алды. АЭС салу – болашақ үшін маңызды шешім.
⚡️16.09.2024ж. Халықтық штаб Үшқоңыр су шаруашылығы колледжінің ұжымымен кездесу өткізді
АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб Үшқоңыр су шаруашылығы колледжінің ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында атом энергетикасының Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігіне және экономикалық тиімділігіне қосатын үлесі талқыланды.
💬«Қазақстан дамушы елдер қатарында сондықтан атом электр станциясы сияқты жобаларды қолға алуымыз орынды деп ойлаймыз. Атом электр станциясын салу экономикалық тұрғыдан да тиімді әрі нәтижесі ұзақ мерзімді болады. Сонымен қатар халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етпек», -деді Бақыт Нарботаев.
Колледж ұжымы атом электр станцияларының экологиялық тиімділігі және жаңа жұмыс орындарын құрудағы рөлі туралы толық ақпарат алды. АЭС салу – болашақ үшін маңызды шешім.
#АЭСүшін #ВыборЗаАЭС #халықтықштаб #референдум
толық бейнебаянды көру үшін сілтеме арқылы өтіңіз - https://www.instagram.com/reel/DABzScMiDJB/?utm_source=ig_web_button_share_sheet&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
13.09.2024 күні 3 курс тобының топ жетекшісі А.С.Есжанова ата-аналар жиналысын өткізді. Ата -аналар жиналысының күн тәртібінде:
-колледж студенттерінің ішкі тәртіптері, құқықтары мен міндеттері
- студенттің қауіпсіздігі, колледжге мопетпен келу тиым салынатыны т.б мәселелер айтылды. Жиналысқа әр пән оқытушылары қатысып, биылғы сабақ барысындағы қиындықтар мен мүмкіндіктерді түсіндіріп өтті. Колледж психологы А.Ж.Исаева ата-аналармен «Қайшысыз қиған адам бейнесі» атты тренинг өтті.
Бұл әдісте бір ғана мақсат: ақ қағаздан қайшысыз,ручкасыз,қаламсыз адам бейнесін жасау.
Ақ қағаздан жасалған адам бейнесі әдісінің мақсаты -адам суреттегідей болып дүниеге келгенмен әрі қарай әдемі ету үшін ең бірінші күннен бастап ,тәрбиелейміз.Әр отбасында ол әртүрлі тәрбие алады,қабылдайды.
Адам бейнесі әр ата-анада әртүрлі жасалады,бірақ білім бірдей беріледі,білімалушылар білімді әртүрлі қабылдайды.Әрі қарай адам бейнесі сұлулану үшін оны түрлі-түсті қарындашпен бояймыз,себебі біз баланы қажеттілігіне қарай,қабілетіне қарай домбыра,спорттық,пианино,қолөнер,ағылшын,роботтықтехника ,жүзу т.б үйірмелерге береміз.Білімалушы гамма түске боялады.Білімалушы жан-жақты,әрі қарым-қатынаста да ашылады,өз-өзіне сенімділік пайда болады.
Колледж студенттерінің отбасылық фото коллажы. Мақсаты, ата-ананың өсиетін тыңдауға, отбасы татулығы мен берекесін қадірлеуге, перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу.
#біртұтас-тәрбие
Алматы облысы білім басқармасы басшысының бұйрығымен, Айтбаев Жандос Есимканович 2024 жылдың 09 қыркүйегінен бастап «Алматы облысы білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Үшқоңыр су шаруашылығы колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры лауазымына тағайындалды.