Байланыс

  • Телефон 8-72771-5-05-80
  • [email protected]
  • Алматы облысы, Қарасай ауданы, Үшқоңыр ауылы, Әділбеков көш. №1

Гидротехникалық құрылыс

Білім деңгейінің атауы және коды: 07 Инженерлік өңдеу және құрылыс салалары

073 Сәулет және құрылыс

 0732 Құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс

Мамандығы : «07320500- Гидротехникалық құрылыс»

Біліктілік : 4S07320501 - Техник-гидротехник

Мамандандырылған миссия:

"Қазіргі еңбек нарығының сұраныстарын ескере отырып, су шаруашылығы, құрылыс ұйымдары мен кәсіпорындары үшін өңір мен жалпы республикада саланы дамыту міндеттеріне сәйкес келетін жоғары білікті мамандарды кәсіби даярлау".

Жалпы басымдылық:

Болашақ маманды сапалы дайындау, Қазақстан Республикасының Білім беру, бизнес және экономика ұйымдарының мүдделерін біріктіру. бүгінгі таңда колледждің білім беру бағдарламасы бойынша оқитын студенттер сұранысқа ие болып саналады. Бүгінгі таңда колледждің білім беру бағдарламасы бойынша оқитын студенттер сұранысқа ие, өйткені жұмыспен қамтамасыз етіледі.

/uploads/avatar/20241120123233205_big.webp

Съезхан Жанибек 

ПЦК жетекшісі

Педагог-модератор

Пед стаж 8 лет

 /uploads/avatar/20241120140656100_big.webp

Абикенова Салтанат Мауленовна

Арнайы пән оқытушысы

PhD по специальности

Водные ресурсы и водопользование

 /uploads/avatar/20241120140714867_big.webp

Нураков Ғабит Акрамович

Арнайы пән оқытушысы

Педагог-модератор

Пед. стаж 7 жыл

 

 /uploads/avatar/20241120140727603_big.webp

Дуйсенова Райма Махсетовна

Арнайы пән оқытушысы

Педагог-модератор

Пед стаж 5 год

 

 /uploads/avatar/20241120140727603_big.webp

Сүлеймен Гүлшат Жұмәділқызы

Өндірістік оқыту шебері

Педагог

Пед стаж 2 года

 

«Жалпы құрылыстық, гидротехникалық жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізу» кабинеті

«Гидрометрия, гидрология және геология» кабинеті

«Құрылыс конструкциялары, құрылыс машиналары» кабинеті

«Гидротехникалық құрылыс, гидравлика, ГЭС» зертханасы жұмыс істеп тұрған макеттер мен стендтермен жарақталған:

- Жартасыз табандағы сауғар бетон бөгеттінің макеті -1,

- Аркалы бетон бөгет макеті – 1,

- Қызылағаш су қоймасының торабы макеті-1.

«Құрылыс материалдарын таңдау және сынау» зертханасы. Стендтермен және қолданыстағы макеттермен безендірілген

«Шеберхана» кабинеті. Мұнда жұмысшы мамандығын алу бойынша сабақтар өткізіледі

Үшқоңыр су шаруашылығы колледжінің тарихы 1944 жылдан басталады. Қазіргі таңда мұнда 5 мамандық бойынша мамандарды дайындайды. Қазіргі таңда колледжіміз Үшқоңыр су шаруашылығы колледжі деп аталады.

Үшқоңыр су шаруашылығы колледжі Мемлекеттік тапсырыс және келісім шарт бойынша 9 және 11 сынып негізінде күндізгі және сырттай оқу бөлімінде 1407000 - «Гидротехникалық құрылыс» мамандығы бойынша  даярлайды.

1407000 - «Гидротехникалық құрылыс» оқу мерзімі 3 жыл 10 ай, 2жыл 10 ай Біліктілігі техник – гидротехник.

1407000 - «Гидротехникалық құрылыс»  мамандығы бойынша 2018-2019 оқу жылынан бастап оқу үрдісі модульдік оқу жүйесімен жүргізілуде.

1407000 - «Гидротехникалық құрылыс» мамандығы бойынша оқу үрдісі мемлекеттік тілде жүргізіледі.

Студент колледжді тамамдаған соң білімін жоғарғы оқу орындарында жалғастыра алады. Жұмыспен қамту жүйесі дұрыс жолға қойылған. Еліміздің сушаруашылығы нысандарының, гидротехникалық құрылымдардың өткен 1960-1966 жылдарда салынып қызмет атқарғаннан бері ширек ғасыр болуына байланысты күрделі жөндеулер талап етіп жалпеы 70 пайызы тозып тұр. Осы жұмыстарды атқаратын бірден – бір маман иелері гидротехникалық құрылысшылар. Елді мекендердің үлкейіп, шағын қалалардың дамуы, ел экономикасының негізгі құаушысы ауылшаруашылығымен тікелей байланыстығының нәтижесінде бұл мамандықтың қызмет атқаратын ауқымы зор.            

Қазіргі таңда әлемдік жаһанданудан қалыспау, өзге мемлекеттердің ықпалында кетпеу мақсатында жан-жақты стратегиялық мақсаттар айқындалып, жоспарлар жасалуда.  Ел экономикасының қарқынды дамуы, алдынғы қатарлы елдерге ену мақсатында негізгі көрсеткіш адам денсаулығы мен қатар тұрақты жайлы баспанамен қамту. Енселі ғимараттармен сәнді ұлттық нақыштағы үйлер, жолдар, мектептер, әкімшілік мекемелер қала сәулет құрылысының ерекшеліктері т.б. қарқынды дамып жұмыс атқару тиіс.

Еліміздің территориясының кеңдігі, географиялық орналасуының әртүрлілігі.

Осы аталған мәселелерді шешу жолында білікті құрылысшы мамандар мен сушылар, су құрылысының мамандары көптеп керек.

Мамандық даярлаудағы бірден бір сапа көтеруші фактор, ол- әлеуметтік серіктестер. Әлеуметтік серіктестер тізімі төмендегі кестеде келтірілген.

Білім алушылардың оқу тәжірбесінен өтетін орындары.

1

Ушконырирригация» МКМ

2

Д.Қонаев атындағы «Үлкен Алматы» каналы Күрті бөлімшесі

3

«КазСуШар» РМК Алматы, Жамбыл облысы филиалдары

4

«Қазақстан су серіктестігі» қоғамдық қоры

5

«Казселденқорғау» ММ

Ескерту: Білім алушылардың оқу тәжірбесінен өтетін орындары білім алушылардың таңдауына сай өзгеріп отырады.